Жанқош Тұраров түнгі клубтағы атыс үшін сот алдына келеді

Жанқош Тұраров түнгі клубтағы атыс үшін сот алдына келеді
Фото: https://voxball.com/poll/zhanosh-trarovtyi-yilmyisa-atyisyi-bar-ma-4831

Қазақстандық боксшы Жанқош Тұраров "бұзақылық" бойынша күдіктелініп жатыр. Спортшыға қатысты іс Алматыдағы Алмалы аудандық сотына жіберілді деп жазады "ҚазАқпаратқа" сілтеем жасаған NUR.KZ.

Істің құжаттарына сәйкес, осы жылдың 25-ші мамырында Жанқош Тұраров досымен сағат 19:00 шамасында "SkyBar" түнгі клубына келген.

Клубқа келгендер мен мекеменің күзетшілері Жарылқасынов пен Әлходжаев арасында өзара келіспеушілік туындаған.

Азаматтар даулы мәселені жақын маңдағы аулалардың бірінде шешпек болып бекінеді.

Алайда кикілжіңнің арты атыспен аяқталған. Оны бірінші болып Жарылқасынов бастапты. Ол травматикалық қарудан оқ атып, артынша оған боксшының досы жауап берген.

"Бұл уақытта, сырттан бақылап тұрған Отарбаев топ адамдар бағытына «Streamer» маркалы травматикалық қарудан оқ жаудырды", - деп жазылған сотқа дейінгі тергеу материалдарында.

Содан кейін, Тұраров, Махамбет пен түнгі клуб күзетшілері арасында төбелес орын алған.

Оқиғадан кейін оған қатысы бар ер адамдардың барлығы тарап кетті.

Айта кетейік сол кезде Жанқош Тұраров өзіне оқ атқандарға ешқандай реніші мен тағар айыбы жоқ екенін айтқан болатын.

Автор: Арипжан
Поделиться:

Читать другие новости:

138