Қызылорда облысында пойыз вагондары рельстен шығып кетті

Қызылорда облысында пойыз вагондары рельстен шығып кетті
Фото: https://voxball.com/poll/eldeg-shojyin-zholdyi-sapasyina-klz-tola-ma-5089

Қызылорда облысында жүк пойызының бірнеше вагоны рельстен шығып кетті деп хабарлайды ҚТЖ-ға сілтеме жасаған NUR.KZ.

Компанияның баспасөз қызметінде хабарланғандай, оқиға түнде Қазалы-Сексеуіл аумағында болған.

Төтенше жағдай орнына жедел түрде мамандар жіберілген. Олар бұл мәселені тоқтатып, пойыз қозғалысын қалыпқа келтірді.

Оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ. Ал вагондардың рельстен шығуына не себеп болғанын уәкілетті тұлғалар анықтайтын болады.

Қазақстан темір жолында бұл жағдайдан кейін жолаушылық №378 Маңғышлақ- Алматы; № 481 Ташкент - Самара; № 618 Астана – Қызылорда пойыздарының қозғалысы тежелгенін айтты.

Автор: Арипжан
Поделиться:

Читать другие новости:

144