Уақытша ұстау изоляторы басшысының былығы

Уақытша ұстау изоляторы басшысының былығы
Фото: https://kaz.tengrinews.kz/crime/avtobeketke-shabuyil-jasagan-uakyitsha-ustau-izolyatoryinyin-292634/

Ақмола облысында автобекетке шабуыл жасаған аудандық уақытша ұстау изоляторының басшысы жұмыстан шығарылды. Бұл туралы Ақмола облыстық ІІД өкілдерінің Tengrinews.kz тілшісі жолдаған сауалға берген жауабында айтылады. Полициядағылардың мәліметінше, қызметтік тергеу нәтижесінде 5 қазанда Ақмола облысы Шортанды аудандық уақытша ұстау изоляторының басшысы ішкі істер органдарынан қуылды. Ақмола облыстық ІІД өкілдері бірнеше басшының жұмыстан қуылып, тәртіптік жауапкершілікке тартылғанын айтып өтті. "Қазіргі уақытта күдікті қамауға алынып, Көкшетаудағы уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сотқа дейінгі тергеу жалғасып, қажетті тергеу шаралары жүріп жатыр", - деп хабарлады ведомство өкілдері. Еске сала кетейік, осыған дейін Ақмола облысының уақытша ұстау изоляторы басшысының Астана-Көкшетау тасжолындағы автобекетке шабуыл жасап, кассадағы ақшаны тонап кеткені жайлы хабарланған болатын. Оқиға 5 қазанда болған, дәл сол күні ІІМ криминал бөлімінің полиция қызметкерлері күдіктіні ұстап, уақытша ұстау изоляторына жеткізген. 
Толығырақ: https://kaz.tengrinews.kz/crime/avtobeketke-shabuyil-jasagan-uakyitsha-ustau-izolyatoryinyin-292634/
 

Автор: Арипжан
Поделиться:

Читать другие новости:

279