Ұшақта отырған ұшқыштар аспаннан ұшатын беймәлім нысанды байқап қалды (видео)

Ұшақта отырған ұшқыштар аспаннан ұшатын беймәлім нысанды байқап қалды (видео)
Фото: https://voxball.com/poll/nlo-a-senesz-be-5105

Бірнеше әуе компаниясының ұшқыштары Ирландияның үстіндегі аспаннан ұшатын беймәлім нысанды байқағанын мәлімдеді.

Бұл туралы The Irish Times басылымына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

British Airways әуе компаниясының ұшқышы Boeing 787 ұшағымен Монреальдан Лондонға қарай ұшып бара жатқан. Осы кещде ол аспаннан «өте жылдам қозғалған» жарықты көріпті.

«Ол сол жақтан пайда болып, артынша солтүстікке бағыт алды», – дейді ұшқыш.

Ұшқыштың сөзінше, артынша аспандағы жарық аяқ астынан ғайып  болған. Ал диспетчердің сөзінше, бұл кезде радарлардан бөгде ештеңе көрінбеген.

Мұнан кейін Орландо-Манчестер бағытында ұшқан Virgin Airlines әуе кемесінің ұшқышы да жап-жарық нысанды көрген. Ол да жоғарыда аталған бағыт бойынша қозғалған.

Ұшқыштың сөзінше, нысан атомсфераның тығыз қабаттарына еніп бара жатқан метеорға ұқсайды.

Сонымен қатар жұмбақ нысанды тағы бір ұшқыш байқапты.

«Оны жалғыз өзім ғана көрмегенім жақсы болды», – дейдік ұшқыш.Қазір тексеру жұмыстары жүргізілуде.

Автор: Арипжан
Поделиться:

Читать другие новости:

85