Керчь атқышы туралы әкесі не деді?

Керчь атқышы туралы әкесі не деді?
Фото: https://sputniknews.kz/Russia/20181018/7665187/kerch-terakt-atqysh-akesi-tergeu.html

18 жастағы студент колледжге келіп балалар мен оқытушыларды атып тастаған

АСТАНА, 18 қазан — Sputnik. Керчь политехникалық колледжіне шабуыл жасаған Владислав Росляковтың әкесі тергеу барысында ұлы туралы айтып берді, деп хабарлайды "Известия" газеті.

Әкесінің айтуынша, Владиславтың достары жоқ екен. Бала күнгі жолдасымен де қарым-қатынасы үзілген. Ұлымен әңгімелесу қиын көрінеді, оқу жайында да жарытып ештеңе айтпайды екен. Бозбала компьютерлік ойындар мен қару-жараққа әуес болса да, ешқашан зорлық-зомбылыққа бармаған.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Владислав барлық процедурадан өтіп, қару ұстауға заң жолымен рұқсат алыпты.

Колледждегі қанды оқиға

Тергеу анықтағандай, 18 жастағы төртінші курс студенті Владислав Росляков үлкен үзіліс кезінде, адамдарға оқ жаудырған. Содан соң асханаға орнатып қойған жарылғыш затты іске қосады. Сол кезде асханада адам көп болған екен.

Толығырақ: https://sputniknews.kz/Russia/20181018/7665187/kerch-terakt-atqysh-akesi-tergeu.html

Автор: Арипжан
Поделиться:

Читать другие новости:

120