ҰҚК қызметкері өлі күйінде табылды

ҰҚК қызметкері өлі күйінде табылды
Фото: http://stan.kz/astanada-ulttyk-kauipsizdik-komitet-2/

Астанадағы “Аланда” қонақ үйінде Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкері өлі күйінде табылды.

ҚР Ішкі істер министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, ер адамның денесі 16 қазан күні табылды. Мәйіттен зорлық белгілері табылған жоқ, деп хабарлайды Sputnik.

“Бұдан өзге ақпарат тергеу ісіне сәйкес жариялауға рұқсат етілмейді”, – делінген хабарламада.

Бұл туралы Telegram арнасының бірінде айтылған. Ақпаратта 25 жастағы қызметкердің скотчпен оралғаны айтылған.

Марқұмның әйелінің арызы бойынша ер адам дүйсенбі күні жұмысына кеткен. Сейсенбі күні таңертең өлі күйіне табылған.

“Аланда” қонақ үйі бұрынғы қалыпта жұмыс істеуде. Басшылығы БАҚ-қа пікір білдіруден бас тартты.

Автор: Арипжан
Поделиться:

Читать другие новости:

211