Әйгерім Мұсаеваның жарқын бейнесі (видео)

Әйгерім Мұсаеваның жарқын бейнесі  (видео)
Фото: https://voxball.com/poll/zhurnalist-jgerm-msaevanyi-lmne-otbasyilyi-zhan-zhal-sebep-boluyi-mmkn-be-4814

20 қазан күні жоғалып кетіп, 21 қазан күні мәйіті табылған экс-әріптесіміз  Әйгерім Мұсаева 2012 жылдың тамыз айында «Hit TV» арнасына жұмысқа орналасқан.  Журналистиканың қыр сырын меңгерген маман арнадағы бағдарламаларды тізгіндеді. Ол, қазақ мәдени өнерінің бүгінгі жай-күйін баяндайтын «Арнайы репортаж» бағдарламасының редакторы қызметін атқарды.

Кейіннен өзінің іскерлігі мен біліктілігін көрсетіп «Hit TV» арнасындағы қыз-келіншектерге арналған «Қыз жолдас»  жобасының продюсері атанды.  Сосын Әйгерім екінші баласының дүниеге келуіне байланысты 2015 жылдан қазіргі уақытқа дейін декреттік демалысқа болған еді. Ал, әріптесіміз үйінен белгісіз себеппен шығып кетіп, сол кеткеннен қайта оралмаған. Бір күннен кейін Әйгерім көз жұмғаны анық болды. 27 жастағы Әйгерім Мұсаеваның артында күйеуі мен екі балапаны  қалды.

«Hit TV» арнасының ұжымы   марқұмның отбасы мен жақындарына  қайғырып көңіл айтады! Жаны жаннатта болғай!

 

 

Автор: Арипжан
Поделиться:

Читать другие новости:

162