Ирактың хас сұлуын өлтірген кім?

Ирактың хас сұлуын өлтірген кім?
Фото: https://24tv.ua/ru/v_irake_ubili_miss_bagdad_2015_taru_fares_foto_i_video_18_n1038675

"Бағдад аруы – 2014" сұлулық байқауының жеңімпазын "батыстық өмір салты" үшін атып өлтірді. Ирак моделі Тара Фаресті Бағдадтағы діни радикалдар атып өлтірді, қастандық жасалған сәт бақылау камерасына түсіп қалған. Көпшілік "Ирак Барбиі" деп атап кеткен модельді Porsche көлігінде атып кеткен. Кадрларда көрінгендей, қылмыскер мотоциклге мініп келді де, оқ атты.The Sun басылымы жазғандай, 22 жастағы қыз "батыстық өмір салтын" ұстанатындықтан, радикал исламистер бұрыннан тісін қайрап жүрген еді. Ажалынан біраз күн бұрын фанаттарына біреулердің "Құдай үшін" өлтіріп кетуінен қорқатынын айтқан болатын.

Толығырақ: https://sputniknews.kz/world/20181010/7535870/irak-sulu-aru-tara-fares-qastandyq.html 

 

Автор: Арипжан
Поделиться:

Читать другие новости:

183