Атырау облысында полицейлер дәмхана иесін сабап тастады

Атырау облысында полицейлер дәмхана иесін сабап тастады
Фото: https://sputniknews.kz/regions/20181019/7682793/atyrau-oblysy-policeiler-damhana-iesi-uryp-sogu-video.html

Бұл оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалып, қазір сотқа жіберілген

АСТАНА, 19 қазан — Sputnik. Әлеуметтік желіде тараған видеода дәмхана ішінде екі жігіт үшіншісін ұрып-соғып жатыр.

Желі қолданушылары бұл видеода Құрманғазы АІІБ басшысының орынбасары Жасұлан Мұқашев пен  майоры Әміржан Ертаев биыл шілде айында Ганюшкино аудан орталығында "Сушняк" дәмханасының иесі Нұрсейіт Аруовты соққыға жыққаны түсірілген дейді. Дәмхана иесі полицейлерден кешкі астың ақысын сұраймын деп басы бәлеге қалыпты.

Атырау облысы полиция департаменті "Ақ Жайық" басылымына хабарлағандай, видеода шынымен Құрманғазы АІІБ қызметкерлері Мұқашев пен Ертаев екен. Олардың мәліметінше, бизнесмен полицияға бірден арыз берген. Осы дерек бойынша Атырау облысы ІІД жеке қауіпсіздік басқармасы қылмыстық іс қозғап, Құрманғазы аудандық сотына жіберді.

Толығырақ:  https://sputniknews.kz/regions/20181019/7682793/atyrau-oblysy-policeiler-damhana-iesi-uryp-sogu-video.html

Автор: Арипжан
Поделиться:

Читать другие новости:

102