Алматыдағы журналистің өлімі: полиция оқиғаның мән-жайын айтты

Алматыдағы журналистің өлімі: полиция оқиғаның мән-жайын айтты
Фото: https://sputniknews.kz/incidents/20181022/7716667/almaty-zhuranilst-olimi-oqiganyn-man-zhaiy.html

Қолда бар деректер бойынша, Айгерім Мұсаева үйден шығып кеткен соң, пойыз астына түскен

АЛМАТЫ, 22 қазан — Sputnik. Алматы полициясы журналист Айгерім Мұсаеваның өліміне қатысты мән-жайды айтты. Жергілікті полиция департаменті хабарлағандай, журналистің денесі қазанның 20-сынан 21-іне қараған түні Түрксіб ауданындағы теміржолдан табылған. Жанында төлқұжаты болмапты. Денесі сот-медициналық сараптама жасау үшін мәйітханаға жіберілді.

Бұдан бірнеше сағат бұрын 20 қазанда  жас әйелдің жоғалып кеткені туралы хабар түскен.

" қаласы Алатау ауданы тұрғыны хабарласып, 2018 жылы 19 қазанда отбасылық жанжалдан кейін әйелі, 1991 жылы туған Мұсаева А., үйден кетіп қалып, сол беті оралмағанын айтты", — делінген полиция хабарламасында.

Мәйітті келіншектің туған ағасы таныды. Соңында кәмелеттік жасқа толмаған екі баласы қалды.

Автор: Арипжан
Поделиться:

Читать другие новости:

325