Алматыда BMW жүргізушісі үлкен жол апатына себепкер болды

Алматыда BMW жүргізушісі үлкен жол апатына себепкер болды
Фото: https://ru.sputniknews.kz/incidents/20181022/7714127/dtp-almaty-vstrechka-passazhir.html

Алматыда үлкен жол апаты орын алып, оқиға салдарынан бір адам зардап шекті деп хабарлайды Sputnik Қазақстанға сілтеме жасаған NUR.KZ.

Апатты жағдай Райымбек даңғылы мен Полежаева көшесінің қиылысында орын алған.

Куәгерлердің айтуынша, BMW автокөлігінің жүргізушісі рөлге ие бола алмай қалып, қарсы беттегі жолға шығып кетіпті.

Нәтижесінде ол "Toyota" көлігімен соқтығысып қалған.

Оқиға салдарынан BMW артқа қарай ұшып кетіп, тағы бір көлікке барып соқтығысқан.

Орын алған жағдайдан "Toyota Camry" көлігінің жолаушысы зардап шегіп, бірден ауруханаға жеткізілген. Қазіргі таңда тәртіп сақшылары оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.

Автор: Арипжан
Поделиться:

Читать другие новости:

133