Трамп трансгендерлер құқығын қорғауға уәде берді

Трамп трансгендерлер құқығын қорғауға уәде берді
Фото: https://voxball.com/poll/transgenderd-yiyin-orau-kerek-pe-4828

АҚШ президенті Дональд Трамп трансгендерлер мен өзге жыныстық азшылық өкілдерінің құқықтарын басқа адамдармен бірдей қорғауға уәде берді деп хабарлайды Reuters агенттігі.

Бұған дейін New York Times басылымында Ақ үй әкімшілігі адамның туған кездегі жынысы өмір бойы сақталатындай шаралар жасайтыны туралы мақала жарияланған. Яғни, адам туған кездегі жынысын келешекте құжатында өзгерте алмайды. Бұл ұсынысты сынайтындар ол өзін жыныстық азшылық өкілімін деп санайтындардың құқықтарын шектейді деп алаңдайды.

Былтыр тамызда Дональд Трамп Барак Обаманың трансгендерлердің әскерде қызмет етуіне берген рұқсатын жойған. Бірнеше айдан соң АҚШ соты Трамптың бұл шешімінің қүшін тоқтатқан. Дегенмен, 2018 жылдың наурызында Трамп трансгендерлердің көпшілігінің әскерде қызмет етуі құқығын айтарлықтай шектейтін жарлық шығарған.

Осы айдың басында Нью-Йорк қаласының мэрі Билл де Блазио тұрғындарға жеке құжаттарында "ер" және "әйел" дегеннен өзге "анықталмаған" деп аталатын үшінші жыныс түрін көрсетуге құқық беретін заң жобасына қол қойған.

Автор: Арипжан
Поделиться:

Читать другие новости:

155