Путин билікте қала ма?

Путин билікте қала ма?
Фото: https://www.azattyq.org/a/radio-svoboda-rossiya-putin-navsegda-/29537527.html

    "Әріп пен Конституция рухы" атты мақалада Зорькин "түбегейлі конституциялық реформаларға қатысты көптің көңілін алаңдатқан үндеулерге" жауап береді. Бірақ Конституцияны өзгерту бойынша нақты жоспар ұсынбайды.

Мақаланың негізгі тұстары:

  • Конституцияның кемшіліктерін біртіндеп жоюға болады;
  • Қазір қоғам бас қатырып отырған мәселе – әлеуметтік әділдік;
  • Екі партиялы жүйе тиімдірек;
  • Азаматтар "ұлттық органнан жоғары органның реттеу экспансиясына" наразы, мысалы АҚЕС (Адам құқығы жөніндегі Еуропалық сот);
  • Ресейдің "конституциялық тұтастығы" мен "ресей халқына тән ұжымшылдықты" бәсекелес экономикалық және саяси ортамен қабыстыра алу керек.​

ЗОРЬКИН МАҚАЛАСЫ

Зорькин өзі байқаған Конституция кемшіліктерін тізіп шығады: билікті бөлуде тепе-теңдіктің жоқтығы, атқарушы биліктің үстемдігі, президент пен парламент арасында өкілеттікті үлестіруде нақтылықтың болмауы.

Зорькин жергілікті басқару мекемелерін мемлекеттік билікке қарсы қою мәселелерін қозғайды. Жергілікті өзін-өзі басқару мекемелерінің табиғатынан "биліктің төменгі, жергілікті буыны" екенін ескертеді.

Зорькиннің пікірі бойынша, бұндай кемшіліктерді "біртіндеп" - "тірі Конституция" доктринасы аясында түзеуге болады. Осы жерде судья "радикалды конституциялық реформаға" қарсы шығып, аяқ астынан әлеуметтік-саяси тұрақсыздық тудыруы мүмкін дейді.

Валерий Зорькин

Бұдан соң Зорькин "қоғамдық келісім мен әділдікке апаратын конституциялық жол" туралы ойларын айтады.

"Конституциялық сотқа түскен көп шағымдарға қарасақ, Ресей қоғамындағы алаңдаудың қайнар көзі – әлеуметтік-экономикалық мәселелердің шешілмеуі, соның ішінде азаматтардың әлеуметтік құқығының жеткілікті қорғалмауы. Әлеуметтік зерттеулер тұрғындардың әлеуметтік әділдікті күтуі, тіпті талап етуі бірінші орынға шыққанын көрсетті, өмірдің түрлі саласындағы әділетсіздікті адамдар өте ауыр қабылдайды.

Әділетсіздік салдарынан туындаған әлеуметтік шиеленіс халықтың отыз жыл бойғы реформалардан шаршағанын байқатады. Бұл сонымен бірге АҚШ пен Батыс Еуропа тарабынан Ресейге бұрын-соңғы болмаған (оған қоса – құқыққа қайшы, яғни, халықаралық құқық нормаларына қайшы) экономикалық, ең алдымен санкция түрінде қысым жасауына байланысты" делінген мақалада.

Бұдан соң Зорькин "жеке бас еркіндігі мен әлеуметтік ынтымақтастық идеяларын жинақтайтын" құқықтық теория керектігін айтады. Ол "Ресей халқының менталитетіне барынша сәйкес" дейді.

Ол әлеуметтік әділетсіздік туралы айта отырып, "90-жылдардағы ірі меншікті жекешелендірудегі әділетсіздіктерді" еске алады. Осы жерде Зорькин саяси құрылымға өтіп, қос партиялы жүйеге оң көзқарас танытады. "Бұл - ұйымдастыру жағынан" нақты демократияны қамтамасыз ететін жүйе дейді.

"Дәл осындай "сызба" бойынша АҚШ қоспартиялы жүйесі жасалды. Ғасырлар бойы сыннан өткен бөтеннің тәжірибесін пайдалану ұят емес" делінген мақалада.

ТОлығырақ: 

https://www.azattyq.org/a/radio-svoboda-rossiya-putin-navsegda-/29537527.html

 

Автор: Арипжан
Поделиться:

Читать другие новости:

183