Оңтүстік Кореяда 12 мың қазақстандық "заңсыз жүр"

Оңтүстік Кореяда 12 мың қазақстандық "заңсыз жүр"
Фото: https://voxball.com/poll/korej-zherne-zasyiz-tken-azatardyi-trmyisyi-zhasaran-ba-4808

Оңтүстік Кореяда ресми тіркеліп жұмыс істеуге немесе басқа да себеппен, емделуге, туризм және оқуға барған 19 мың қазақстандық бар, тағы 12 мың қазақстандық заңсыз жүр. Бұл туралы 22 қазанда арнайы брифингте Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров мәлімдеді.

- Көптеген қазақстандық екі ел арасындағы визасыз режимді пайдаланып сол жаққа барады да, кері қайтпайды. Сондықтан олардың визалары бар немесе жоқ деп айта алмаймыз. Оңтүстік Корея 1 қазаннан бастап "Жасыл дәліз" акциясын бастағанын хабарладық. Акцияға сәйкес, 1 қазан мен келесі жылғы 31 наурызы аралығында Оңтүстік Корея аумағында заңсыз жүрген азаматтар өз қалауымен елдеріне қайтқысы келсе, оларға ешқандай санкция салынбайды. Егер азаматтар мұны істемей, арнайы рейд кезінде корей полициясына ұсталып қалса, оларға 6 миллион теңге көлемінде айыппұл салынады және 10 жыл Оңтүстік Кореяға қайта кіре алмайды, - деді Айбек Смадияров.

Қазақстан мен Оңтүстік Корея арасында бір ай визасыз жүріп-тұру келісімі 2014 жылдың қарашасында жасалған.

Автор: Арипжан
Поделиться:

Читать другие новости:

132