Оңтүстік Корея азаматтары Алматыда 20-23 жастағы қыздарды жезөкшелікке салған

Оңтүстік Корея азаматтары Алматыда 20-23 жастағы қыздарды жезөкшелікке салған
Фото: https://voxball.com/poll/zhezkshelkt-zadastyiru-kerek-pe-5262

Қазақстанда адам саудасына қарсы күрес бойынша операцияның қорытындысы жарияланды

АСТАНА, 27 қараша — Sputnik. 22-26 қараша күндері Қазақстан, Өзбекстан, Тәжікстан мен Қырғызстанда адам саудасына қарсы күрес бойынша "SТOP трафик" операциясы жүргізілді.

Бір апта ішінде төрт мемлекеттің аумағынан адам саудасының 95 фактісі анықталған.

"Қазақстанда полиция 67 дерек тіркеді, оның 14-і – адам саудасы, екеуі – кәмелеттік жасқа толмағандар саудасы, адамды заңсыз бас бостандығынан айыру, жезөкшелікке салудың 7 дерегі, жезөкшелікпен айналысу үшін притон ұстау және ұйымдастырудың 71 дерегі анықталды. Жезөкшелікпен айналысу үшін әдейі бөлме беру үшін 21 әкімшілік хаттама толтырылды", — деп мәлімет берді Қазақстанның ІІМ.

Кім екенін анықтау үшін полиция органдарының арнайы мекемелеріне 19 адам жеткізілген, олардың оны Өзбекстан азаматы, жетеуі қазақстандық және екеуі Қырғызстан азаматы.

Шетелдіктер Қазақстанда адам саудасымен айналысқан

Полиция қызметкерлері өзбек әріптестерімен бірге Қазақстан аумағында екі қылмыскерді ұстады, олар адам саудалап, алаяқтық жасағаны үшін Өзбекстанның ІІМ-нің халықаралық іздеуінде болған.

Сонымен қатар криминалдық полиция қызметкерлері мн Алматы полициясы жеңгетайлықпен айналысқан Оңтүстік Корея тумаларын ұстады.

"Кәрістер шетелдіктерге интимдік қызмет көрсету үшін караоке-бар сияқты қылып притон ұйымдастырған – қызметтің ақысы 300 доллардан бастап 1000 долларға дейін жеткен. 20-23 жас аралығындағы 18 қыз жезөкшелікпен айналысқан", — дейді ІІМ.

Құлдық және бала сату

Ақтөбе облысында полицейлер екі тұрғынды ұстады. Олар ақпан-қараша айларында 49 жастағы ер адамды шаруа қожалығында құлдықта ұстаған. Ер адам із-түзсіз жоғалып кеткендер қатарында болыпты.

"Атырау облысында 32 жастағы әйел жаңа туған қызын 5 мың долларға сатпақ болған. Кәмелеттік жасқа толмаған баланы сату дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды", — деп хабарлады ІІМ.

Адам саудасының құрбандарына психологиялық және құқықтық жәрдем көрсетілуде.


 https://sputniknews.kz/society/20181127/8256256/zhezokshelik-adam-saudasy-quldyq.html

Автор: Арипжан
Поделиться:

Читать другие новости:

91