Нұрсұлтан Назарбаев пен Франция президенттері не туралы сөйлесті?

Нұрсұлтан Назарбаев пен Франция президенттері не туралы сөйлесті?
Фото: http://stan.kz/nursultan-nazarbaev-pen-yemmanyuyel-ma/

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Брюссельде өткен «Азия – Еуропа» (АСЕМ) форумы ХІІ саммитінің ашылу рәсіміне барды. Ол Франция президенті Президенті Эмманюэль Макронмен кездесті.

Бұл  туралы Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Кездесу барысында Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан мен Франция арасында дипломатиялық қарым-қатынас орнағанына 26 жыл толғанын атап өтті.

«Бүгінгі кездесуіміздің арқасында Қазақстан мен Франция арасындағы байланыстар жаңа деңгейге көтеріледі деп сенемін. Біздің елімізде Францияның ондаған компаниясы жұмыс істеуде, өзара тауар айналымының көлемі 5 миллиард АҚШ долларына жетуі мүмкін», – дейді елбасы.

Биыл екі ел арасындағы стратегиялық серіктестік туралы шартқа қол қойылғанына 10 жыл толады. Елбасына ілтипат білдірген Эмманюэль Макрон аталған кездесудің зор мәнге ие екенін айтты.

«Президент мырза, Сізбен танысқаныма өте қуаныштымын. Мен президенттік қызметке келгеннен бері алғаш рет жүздесіп отырмыз. Сізбен бірқатар мәселені талқылап, көзқарасыңызды білгім келеді», – дейді Франция президенті.

Кездесу барысында Қазақстан мен Франция басшысы екі ел арасындағы қарым-қатынас мәселелерін талқылады. Сонымен қатар  өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі мейлінше өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты.

Автор: Арипжан
Поделиться:

Читать другие новости:

158