Назарбаев пен Путин Петропавлға не үшін барады – күннің бағдарламасы

Назарбаев пен Путин Петропавлға не үшін барады – күннің бағдарламасы
Фото: https://voxball.com/poll/resejmen-azastannyi-dostyiyin-kmderge-timsz-5059

8 қарашада Астанада өткен ҰҚШҰ саммитінен кейін Қазақстан мен Ресей президенттері Петропавлда аймақаралық ынтымақтастық форумына қатысады

ПЕТРОПАВЛ, 9 қараша  — Sputnik. XV өңіраралық ынтымақтастық форумының екінші күнінде Қазақстан мен Ресей басшыларының қатысуымен негізгі іс-шаралар өтеді.

Солтүстік тынысы

Таңертеңнен Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен өңірлік бағдарлама жоспарланған. Мемлекет басшысы өндірістік нысандарға барады.

Президенттерге туризм саласындағы үздіктер көрсетіледі

Түске қарай президенттер Қазақстан мен Ресейдің түрлі аймақтарынан келген 44 компанияны таныстыратын туристік көрмені аралайды. 

Оңаша жүздесу және ғарыш ісі

Пленарлық отырыс алдында Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путин жеке кездесу өткізеді.

Сондай-ақ, екі елдің басшыларына "Бәйтерек" ғарыш зымыран кешенінің ресейлік-қазақстандық жобасы таныстырылады.

Осыдан кейін "Қазақстан мен Ресейдегі туризмді дамытудағы жаңа көзқарастар мен үрдістер" атты Қазақстан мен Ресейдің XV өңіраралық ынтымақтастық форумының пленарлық отырысын трансляциялау басталады. 

Туризмнің бағытын бірінші тұлғалар анықтайды 

Пленарлық отырыс аясында екі елдің басшылары сөз сөйлейді деп жоспарлануда.Сонымен қатар, туристік ведомство басшылары мен аймақтық өкілдерге сөз беріледі.

Айталық, Астрахань облысының губернаторы Сергей Морозов, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақалов және Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек мінберге шығады деп жоспарланған.

Бұдан кейін Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путин бірқатар екі жақты құжатқа қол қояды.

Түскі астан кейін көрме аккредитациядан өткен қонақтарға қайта ашылады

https://sputniknews.kz/politics/20181109/7986473/putin-nazarbaev-petropavl-bagdarlama.html

Автор: Арипжан
Поделиться:

Читать другие новости:

122