НАТО басшысы АҚШ-тың зымыран туралы келісімнен шығу ниетін қолдады

НАТО басшысы АҚШ-тың зымыран туралы келісімнен шығу ниетін қолдады
Фото: https://voxball.com/poll/nato-jyimyi-zhajlyi-aparat-blesz-be-4848

НАТО бас хатшысы Йенс Столтенберг АҚШ-тың Ресеймен жасасқан орта және қысқа қашықтыққа ұшатын зымырандарды жою туралы келісімнен шығу шешімін қолдайтынын мәлімдеді. Бұл туралы ол НАТО-ның Trident Juncture 2018 деп аталатын әскери жаттығуы басталар алдында айтты. Столтенберг Вашингтонды келісімнен шығуға мәжбүрледі деп Мәскеуді айыптады. Оның сөзінше, Вашингтон келісімді толық сақтап отыр, алайда, Ресей оны бұза беретін болса, одан пайда болмайды. Столтенберг НАТО Мәскеудің қандай іс-қимыл жасайтынына қарамастан Еуропадағы ядролық арсеналын ұлғайтпайтынын айтты.

НАТО-ның соңғы 12 жылдағы өткізбек ең ірі әскери жаттығуына альянсқа мүше елдерден 50 мыңға тарта әскер қатысады. Столтенберг НАТО жанжалдасуға бейіл емесін, бірақ өз одақтастарын кез-келген қауіп-қатерден қорғауға дайын екенін айтады.

АҚШ президенті Дональд Трамп бұған дейін орта және қысқа қашықтыққа ұшатын зымырандарды жою туралы келісімнен шығатынын мәлімдеген. Ол келісімнен шығуға Ресейдің келісім шарттарын бұзып отырғаны себеп екенін айтқан. Трамптың ұлттық қауіпсіздік бойынша кеңесшісі Джон Болтон 23 қазанда Мәскеуде бұл мәселе бойынша келіссөз өткізген.

Кремль жаңа келісім туралы келіссөз бастамай жатып бұрынғы келісімнен бас тартудың "өте қауіпті" екенін мәлімдеген.

ТОлығырақ: 

https://www.azattyq.org/a/29561348.html

 

Автор: Арипжан
Поделиться:

Читать другие новости:

162