Министр қазақтан сәби сүйген африкалық әйелге көмектесуге уәде етті

Министр қазақтан сәби сүйген африкалық әйелге көмектесуге уәде етті
Фото: https://voxball.com/poll/afrikalyi-jeld-balasyimen-tastap-ketken-aza-zhgt-aliment-tleu-azhet-pe-4869

Моника Камукенж Камганза Қазақстанға былтыр күнкөріс қамымен келген

АСТАНА, 25 қазан — Sputnik. Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов визасының мерзімі өтіп кеткен Конго азаматы Моника Камукенж Камганза мен үш айлық қызына көмектесуге уәде етті, деп хабарлайды  тілшісі.

"Оның мәселесін елшілікпен бірлесіп шешеміз",- деп қысқа жауап берді Қасымов журналистердің сұрағына.

Моника Камукенж Камганза бір жылдан бері Астанада тұрады. Конго азаматы ЭКСПО көрмесі кезінде күнкөріс қамымен келіп, ақыр соңында қалып қойған. 27 жастағы африкалық әйел осыдан үш ай бұрын дүниеге сәби әкелді. Айтуынша, қыздың әкесі қазақстандық. тілшісіне берген сұқбатына Моника Қазақстаннан ешқайда кеткісі келмейтінін айтқан еді.

 https://sputniknews.kz/society/20181025/7772979/ministr-afrikalyq-ajel-qazaq-expo.html

Автор: Арипжан
Поделиться:

Читать другие новости:

144