Кореялық компания қауіпсіздік ережесін қазақ тілінде жазып қойған (видео)

Кореялық компания қауіпсіздік ережесін қазақ тілінде жазып қойған (видео)
Фото: https://voxball.com/poll/10-azashn-aza-tlnde-erezhe-zhazan-korejlk-kompaniyada-zhmyis-stegz-kele-me--4953

Желіде Оңтүстік Кореядағы компаниялардың бірінде түсірілген видео тарады. Онда компанияда жұмыс істеп жүрген 10 қазақстандық үшін қауіпсіздік ережелері қазақ тілінде жазылғаны байқалады, деп хабарлайды Stan.kz.

Видеода кореялық компанияның ішінде жазылып тұрған қауіпсіздік ережелері көрсетіледі. Байқалғандай, ол қазақ тілінде жазылған.

Автордың сөзінше, аталған компанияда 1500 жұмысшы жұмыс істейді. Олардың тек 10-ы Қазақстан азаматы екен.

«Оңтүстік Корея мемлекеті. 2018 жыл, қазанның 31-жұлдызы. Қазақ елінде комсомолдың 100 жылдығын тойлап жатқанда, Кореяда қазақ тілін құрметтеп, 1500 жұмысшысы бар компания 10 қазақ үшін қауіпсіздік ережесін қазақ тілінде жазып қойған. Өздері аударған екен. Түсінгенінше жазған», – дейді видео авторы.

Өз кезегінде желі қолданушылары кореялық компанияның қазақ тіліне деген құрметіне тәнті болып, ризашылықтарын білдіріп жатыр.

Автор: Арипжан
Поделиться:

Читать другие новости:

161