Қазақстандық депуттар Комсомолдардың 100 жылдығын дүркіретіп атап өтті

Қазақстандық депуттар Комсомолдардың  100 жылдығын дүркіретіп атап өтті
Фото: https://voxball.com/poll/komsomoldardyi-100-zhyildyiyin-tojlaan-dryis-pa-4800

 

15:52

21 қазан күні Абай атындағы опера және балет театрында комсомолдың 100 жылдығы дүркіретіп атап өтілді. Сыйлы қонақтардың арасында Қазақстанның Ресейдегі елшісі Иманғали Тасмағамбетов, сенат және мәжіліс депутаттары Бірғаным Әйтімова, Бақытжан Жұмағұлов, Қуаныш Сұлтанов болды деп жазады NUR.KZ.

Салтанатты концертте кеңес эстрадасының жұлдыздары Әлібек Дінішев, "Дос-Мұқасан", Роза Рымбаева, Нағима Есқалиева және Борис Щербаков өнер көрсетті.Комсомол ардагерлеріне бүкілодақтық лениншіл коммунистік жастар одағының 100 жылдық мерейтойына орай естелік медальдар сыйға тартылды.

Олардың арасында Ресейдегі елші Иманғали Тасмағамбетов, сенат депутаты Бірғаным Әйтімова, Бақытжан Жұмағұлов, мәжіліс депутаты Қуаныш Сұлтанов және "Тұран" университетінің ректоры Рахман Алшанов та болды.

"Бізді қолдап, облыстардағы кездесулерімізге рұқсат берген президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа шексіз ризашылығымызды білдіреміз."

"18 жасында Теміртауға келіп, сол кездегі ең ірі құрылыс орнында жұмыс істей бастағанын бәріміз білеміз. Ол маңдай алды жұмысшы болып танылған", - деді комсомолдықтардың бірі өз сөзінде.

Естелік белгімен марапатталғандардың әрқайсысы басшы қызметінде отырып, лениншіл жастарды ұйымдастыруда белсенді болғаны белгілі.

Автор: Арипжан
Поделиться:

Читать другие новости:

144