Қазақстанда халықпен жұмыс істейтін полицейлерге видеотіркеуішсіз жүруге тыйым салынады

Қазақстанда халықпен жұмыс істейтін полицейлерге видеотіркеуішсіз жүруге тыйым салынады
Фото: https://voxball.com/poll/politsejmen-sjlesu-kezndeg-zzd-yiyiyizdyi-blesz-be-5250

Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов құқық қорғау органдарындағы жемқорлықтың алдын алу шарасы туралы айтты.

Бұл туралы «Хабар» телеарнасы хабарлайды.

«Біз жұртшылықпен жұмыс істейтін полиция қызметкерлерін видеотіркеуішсіз жұмыс істеуге жол бермейміз», – деді Қасымов.

Ішкі істер министрлігінің басшысы ішкі істер органдарындағы жемқорлықтың ағымдағы деңгейіне баға берді.

“Қазір жемөорлық орташадан жоғары. Осы мәселелермен айналысамыз. Қазір бұл туралы ашық айтылады, министрдің блогы бар, бүкіл портал жұмыс істейді. Бізге кез келген адам полицейлерге қатысты шағымын жаза алады. Полицияның жасаған барлық қылмыстының 53-54 пайызын өзіміздің қауіпсіздік бөлімшелерімізде анықтайды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресетін қызметті күшейтеміз. Қызметтерімізді электрондық форматқа аударамыз, – деді Қалмұханбет Қасымов.

Бұған дейін ҚалмұханбетҚасымов ІІМ қызметкерлерінің қысқарып, жұмыс орнында қалғандардың жалақысы көбейетіні туралы айтқан еді.  

Автор: Арипжан
Поделиться:

Читать другие новости:

99