Ангела Меркель Еуропаның өз армиясын құруға шақырды

Ангела Меркель Еуропаның өз армиясын құруға шақырды
Фото: https://voxball.com/poll/shnsh-dnie-zhzlk-soyis-boluyi-aup-bar-ma-5126

Германия канцлері Ангела Меркель Еуропа парламентінің депутаттарын Еуропаның ортақ армиясын құруға шақырды. "Біз осы бағытта жұмыс істеуіміз керек" деп мәлімдеді Меркель 13 қарашада Страсбургте депутаттар алдында.

"Еуропа күшті болғанда ғана өз құндылықтарын қорғай алады. Біз өз тағдырымызды өз қолымызға алуымыз керек" деді Меркель.

Бұған дейін Франция президенті Эммануэль Макрон Europe-1 радиосының эфирінен Еуропаның өзін Ресей, Қытай, тіпті АҚШ-тан қорғайтын армиясы болуы керегін мәлімдеген. "Біз өзімізді Қытай, Ресей, тіпті АҚШ-тан қорғауымыз керек" деген Макрон.

АҚШ президенті Дональд Трамп өткен аптада Эммануэль Макронның бұл ұсынысына шамданған. Ол "Еуропа алдымен НАТО шығынын көтеруге үлес қоссын, шығынның басым бөлігін АҚШ көтеріп отыр" деп мәлімдеген.

Трамп 13 қарашада Еуропаны Қытай, Ресей және АҚШ-тан қорғаған армия - Бірінші және Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде Германия армиясы болғанын мәлімдеді. "Мұның соңы Францияны неге әкеліп соқтырды?" деп жазды Трамп Twitter-де.

Толығырақ: www.azattyq.org 

Автор: Арипжан
Поделиться:

Читать другие новости:

122