Оқушылар хиджабтарын шешті

Оқушылар хиджабтарын шешті
Фото: https://voxball.com/poll/hidzhab-kigen-oushyilardyi-zhadajyina-aladajsyiz-ba-4790

Түркістан облысы Мақтаарал ауданында мектеп формасына қатысты мәселе шешімін тапты. Фердауси атындағы жалпы орта мектептің оқушылары қазір сабаққа қатысып, білім алуды жалғастыруда деп хабарлайды Ernur.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Ауданда мектеп формасының міндетті түрін сақтамаған оқушылар білім ордасына кіргізілмеген.

Ал тәртіпке бағынудан бас тартқан ата-аналарға тиісті шаралар қолданылыпты.

Бұл мәселені шешуге облыстық білім басқармасы мен ішкі саясат басқармасының мамандары, аудан әкімдігі мен аудандық құқық қорғау органдарының қызметкерлері атсалысты.

Ал наразылық танытқан тұлғаларға барынша түсіндіру жұмыстары жүргізілген.

Атап айтқанда, арнайы жіберілген 40 психолог әр оқушымен, ата-анамен жұмыс істеп, зайырлы мемлекеттегі ең басты құндылық - мемлекет заңына бағыну екенін айтқан.

Ал мамандардан құралған топ білім ордаларындағы стандарттарды сақтау қажеттігін жіті түсіндірген.

Оқушылар 7 қыркүйектен бастап спорттық және мәдени шараларға қатысып жүр.

 

Автор: Арипжан
Поделиться:

Читать другие новости:

115