"Сақалды апа" шетелдік басылымдарды қалай жазалайтынын айтты

"Сақалды апа" шетелдік басылымдарды қалай жазалайтынын айтты
Фото: https://voxball.com/poll/saaldyi-apa-zn-terora-zhatyizan-basyilyimdyi-nege-sota-bermejd-5047

Мухтабар Тораева шетелдік басылымдарды сотқа беруден айнып қалғанын жеткізді

АСТАНА, 7 қараша — Sputnik. Жуырда шетелдік басылымдарды сотқа бергісі келетінін айтқан "сақалды апа" бұл ойынан айнып қалған екен. Ол көңіліне қаяу түсіргендер Құдай алдында жауап берер деген үмітте екенін айтты, деп хабарлайды  "" газетіне сілтеме жасап.

"Сақалды апа" шетелдік басылымды сотқа бермек

Иран мемлекетінен тарайтын "fararu.com", "khabarban.com", "tadbіr24.іr" дейтін сайттар Сирия шекарасында орналасқан Әл-Бумал қаласында шабуыл кезінде лаңкестік ұйым басшыларының бірі өлді деп хабарлап, тұрбаттық Мұхтабар Тораеваның суретін қоса жариялаған. Осыдан кейін "сақалды апа" шетелдік басылымдарды сотқа беретінін айтқан болатын. Алайда араға біраз уақыт салып, ол бұл ойынан айнып қалған екен.

"Орыстар айтпақшы, "Проклятая популярность" деп отырған жайым бар. Иран еліндегі сайттарда суретімнің шыққанын мектепте жұмыс істейтін келінім мен ұлымнан естідім. Алғашқыда абдырап қалғаным бар. Бұл қалай болар екен деп уайымдадым. Бірақ кейін сабама түсе бастадым. Пенде болған соң бір қателік кеткен шығар. Осы нәрсеге бола жау шаптырып нем бар?" — деді ол.

Тағы оқыңыз: 

Мұнымен қатар, Мұхтабар Тораева жақындарының шетелдік басылымды сотқа беруге кеңес бергенін айтып өтті. Десе де, өзі мұны қаламай отыр.

"Менің қандай адам екенімді және кім екенімді бәрі біледі. Құдай алдында арым мен жүрегім таза. Сол себепті айналамдағылардың "Сотқа берсеңіз болады, моральдық шығын талап етіңіз" деген сөздерін құлаққа ілмедім. Олар Құдай алдында жауап берер", — деді Мухтабар Тораева.

Бұдан өзге кейуана шаңырағында шөбере дүниеге келіп, қуанышты жаңалыққа кенеліп отырғанын жеткізді.

https://sputniknews.kz/regions/20181107/7949058/sakaldy-apa-sheteldik-basilimdardi-kalay-jazalaytinin-aytti.html

Автор: Арипжан
Поделиться:

Читать другие новости:

126