Мас күйде көше кезіп жүрген "молдаға" қатысты жаңа деректер шықты

Мас күйде көше кезіп жүрген "молдаға" қатысты жаңа деректер шықты
Фото: https://voxball.com/poll/moldanyi-ajtyinyin-stejsz-be-lde-stegenn-stejsz-be-5104

Әлеуметтік желіде молда киімін киіп алып, масаң күйде көше кезіп жүрген белгісіз азаматтың видеосы тарап кеткен болатын. Аталған жайтқа қатысты Түркістан облысының өкіл имамы Мұсабек Ақтамберді пікір білдірді деп хабарлайды өңірдегі NUR.KZ тілшісі.

Айта кетейік желіде таралған видеода автор белгісіз азаматты Түркістан облысы, Шұбарсу ауылының имамы деп көрсетеді. Бұл желі қолданушыларының ашуын тудырған болатын.

Бұл видеоға қатысты жауап берген өңірдің өкіл имамының сөзінше, видеодағы белгісіз азамат ешқандай да молда емес.

"Видеодағы азамат Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының да, Түркістан облыстық өкілдігіне қарасты мешіттердің де қызметкері емес. Ол кісінің үстіндегі киімі де, басындағы сәлдесі де Мүфтият белгілеген имамдарға арналған үлгіде емес. Сондықтан сәлде оранып, шапан кигеннің бәрі мешіт молдасы деген қате пікір",- деді Мұсабек Ақтамберді.
Автор: Арипжан
Поделиться:

Читать другие новости:

151