Қазақстанда жасөспірімдердің 70%-ы жыныстық қатынасқа 15 жасқа дейін түседі

Қазақстанда жасөспірімдердің 70%-ы жыныстық қатынасқа 15 жасқа дейін түседі
Фото: https://voxball.com/poll/balayiz-erte-zhastan-zhyinyistyi-atyinasa-tspeu-shn-andaj-shara-oldanasyiz-5247

Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстанда неліктен 16 жасынан бастап жасанды түсікке жол бергісі келетінін хабарлады.

Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Қоғамдық денсаулық сақтау саясаты департаментінің директоры Айжан Есмағамбетова айтты, деп хабарлайды BNews.kz.

Айжан Есмағамбетова жастардың денсаулығын сақтау мақсатында министрлікте осындай заң жобасын енгізуді ұсынды. Қазақстанда баласы жоқ ерлі зайыптылар саны 16% -ды құрайды. Олардың денсаулығы жасөспірім шағынан бұзылған.

«15 жылдан 19 жылға дейін адам ағзасы жетіліп болмайды. Бұл жаста денсаулық қауіп төнуі жағдайы көп. Біз қажетсіз жүктіліктің алдын алу, инфекцияның жыныстық жолмен берілуіне жол бермеу туралы айтып отырмыз», – деді Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің денсаулық сақтау департаментінің директоры.

Денсаулық сақтау министрлігінде Ресей Федерациясының үлгісімен 16 жастан бастап медициналық көмекке қабылдау  туралы шешім қабылданды. Ресейде 15 жастан бастап медициналық қызмет көрсетіледі. Бүгінде Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес кәмелетке толмағандарға кез-келген медициналық көмек олардың заңды өкілдерінің шешімімен қамтамасыз етіледі.

«Елімізде ата-анасының келісімімен балалары медициналық көмекке  жүгіне бермейді. Қазақстанда жасөспірімдердің 70% -ы 15 жасқа дейін алғашқы жыныстық қатынасқа түседі. Енді бала заңды түрде медициналық көмекке келеді. Жастардың кеңес беру орталықтарына барып, кеңес алуына болады», – деді Есмағамбетова.

Денсаулық сақтау министрлігі контрацептивтерді жастарға еркін тарату керек екенін айтты. 1000 анаға шаққандағы статистикаға сәйкес, кәмелетке толмағандардың саны 7,9 қыз. Жасөспірімдер арасындаың мың қыздың үшеуі түсік жасайды.

Есмағамбетованың сөзіне қарағанда, түсік жасатуға науқастың өзі мен дәрігер жауапты болады.

24 қарашада ҚР Денсаулық сақтау министрлігі 16 жастан бастап қыздарға ата-аналарының келісімінсіз жүктілікті тоқтатуға рұқсат беруді ұсынды. Бұл бастама «Нұр Отан» партиясының қоғамдық кеңесі отырысында айтылды.

Автор: Арипжан
Поделиться:

Читать другие новости:

177