Астанада менингитке шалдыққан тағы екі оқушы ауруханаға жатқызылды

Астанада менингитке шалдыққан тағы екі оқушы ауруханаға жатқызылды
Фото: https://voxball.com/poll/meningit-tayi-bele-aldyi-km-knl-4807

станада менингитке шалдыққан тағы екі оқушы ауруханаға жатқызылды. Дәрігерлердің айтуынша, оқушылар менингиттің аса қауіпті емес түріне шалдыққан көрінеді. Осыған орай, мамандар ата-аналарды шу шығармауға шақырып отыр деп хабарлайды Sputnik Қазақстанға сілтеме жасаған NUR.KZ.

Қоғамдық денсаулық сақтау депармаменті жетекшісі Сәдуақас Байғабыловтың айтуынша, ата-аналар алаңдайтындай қандай да бір себеп жоқ көрінеді. Маманның айтуынша, менингит жыл сайын осындай кезеңде белең алады екен.

Ол оқушылар шалдыққан менингиттің түрі өмірге қауіп төндірмейтін түрі екенін қадап айтты. Оның айтуынша, олар арнайы курс алып, бір апта өткеннен кейін ауруханадан шығарылады екен.

Айта кетерлігі, биылғы жылы менингитке шалдыққандар саны 575-ке жетсе, олардың 196-сы Астанада тіркелген екен.

Мамандар инфекцияның алдын алу үшін, қарапайым гигиена талаптарын ұстану керек дейді.

Автор: Арипжан
Поделиться:

Читать другие новости:

123