Шоу бизнесте әділдік бар ма?

Шоу бизнесте әділдік бар ма?
Фото: https://politeka.net/show-business/752112-ony-sdelaly-jeto-na-publyke-samye-skandalnye-potseluy-zvezd-za-vsiu-ystoryiu-shou-byznesa/

Бүкіл қазақ көз тіккен I m singer Қазақстан жобасының басталғанын 2 апта болды. Содан бері Мәдениет саласының майталманы Майғазиевтен маза қашты. Төрешілік жасаған Созақ топырағының Сәкені – жиенін телевизилық жобада алға тартып, қамқорлық жасай алмады. Ол үшін өкінбейді де. Аталған әнші “Меломен” тобының мүшесі болатын.

Бұл туралы Hit-TV арнасына сілтеме жасап Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Сәкен Майғазиев қытайдан келген қазақ қызы үшін “Меломен” тобының мүшесін жолдан тайдырды.
“Менің жиенім ол. Бірақ менің қазақтың Сәкенімін. Өнерде таныс тамыр дегенді қолдай бюермеймін”, – дейді әнші.

Қытай елінен келген қазақ қызы Арай Серікханмен өнер таластырған Ғабит Әбілдаев омақасып құлады. Музарттық-әнші ағасы барлық мән жайды түсіндіріп, тіпті туғаным болып, талантсыз болса әділдіктен аттай алмайтынын ашып айтты.

“Мен ешқашан да таныс тамырлық жасаған азамат емеспін. Қазақ өнеріне жаным ашиды. Негізі бұл Арай деген қарындасымыз ерекше дауыс иесі. Кез келген ұлттың өзіндік үні болады. Бұл қытайлық қарындасымызда нағыз қазақтың дархан үні сезіледі. Шет елде жүрген қазақтардың сағынышы сезіледі. Оның үстіне залдағы әжелеріміздің көзінен мөлтілдеген жас тамды. Мықтыны мықты демесем азаматтығыма сын”, – дейді Майғазиев.

Қытай халық Республикасынан келген жас әнші Сәкен Майғазиевтің әділдігіне ризашылық білдірді. Тұңғыш рет еліміздегі телевизилық жобаға қатысқан қаракөз қыз, қазақ шоубизіне деген көзқарасы мүлдем өзгерген. Осы уақытқа дейін алып қашпа әңгімеге сеніп келгеніне өкінді.

“Шынымды айтсам Сәкен ағаны сыртынан білемін. “Музарттың” әнін жер шарындағы алаш деп жүрегі соққан кез-келген адам тыңдайды. Айтайын дегенім, Алтайдың арғы жағынада қазақтар, бұл елдің байқауларында әділетсіздік көп деп айтады. Менің ақиқатқа бүгін көзім жетті”, – дейді Арай Серікхан.

“Мен кейбір әнші інілеріме таң қалам. – Аға, мен мықты эстрада жұлдызы болайын десем ақшам жоқ, дейді. Мен айтам, кім сенен ақша сұрап жатыр?! Үндемейді”, – дейді Майғазиев.

Сондай-ақ, Сәкен мырза осы уақытқа дейін талай конкурсқа қатысып, құр қол қайтқан кезі көп болғанын айтады. Әділетсіздіктен емес, әлсіздігімнен дейді.

“Мен талай конкурсқа қатыстым. Барлығында бірінші орын алған жоқпын. Төмен бал қойған кездер талай. Мәселен, “Жас қанатқа” қатысқанда бас жүлдені Гаухар Қаспақова алды. Ол менен мықты болды. Мен емес, басқа әншілерді мойындады. Бір кездері Дилназ Ахмадиева жеңді. Менен әлсіз деп кім айта алады”, – дейді өнер иесі.

 

Автор: Арипжан
Поделиться:

Читать другие новости:

349