Нұртас Адамбай елді таңқалдыра алды ма?

Нұртас Адамбай елді таңқалдыра алды ма?
Фото: https://www.caravan.kz/art/nurtas-adambajj-zavershil-semki-filma-lift-391633/

Белгілі режиссер Нұртас Адамбайдың «Лифт» атты  жаңа киносы  көрерменге жол тартты. Аталған  фильмде көз үйренген актерлар құрамы төбе көрсетті. Оның ішінде Гүлназ Жолановада бар. Нұртас мырза келесі туындысында да  басты рөлге  Гүлнәзді көретінімізді қадап айтты. Қызық, неге жас режиссердың таңдауы нақ осы актрисаға ғана түседі? 

     Фильмнен Еуропалық нақыштың бояуы аңқып тұр! Кино лента  2 аптада түсірілген.Сәйкесінше ондағы актерлар саны да тым аз. Бар жоғы 4-ақ адам. Ал фильмге жұмсалған қаржы көлемі керісінше көп,  Нұртас мырзаның қалтасын бірәз қаққан. Бірақ, бұл тақырып жөнінде НҰРТАС мырза көсіліп сөйлегісі келмеді.  Жалпы,  фильм  қазақ кино өндіріс көшінен тек  арзан әзілден құралған комедия күтетін  көрермен үшін эксперимент. Ол ол ма,   белгілі  режиссер үшін  де дәл солай. Яғни  Нұртас үшін мүлдем басқа,жаңаша жанр. Оның айтуынша аталған фильмді түсіру барысында біраз кедергілер орын алған.

 Нұртас Адамбай режиссер :

 Ең үлкен кедергі деп  қоюшы жетекшінің бізге жасаған қылығын айта аламын. Өйткені ол фильмдегі лифтінің декарациясын ойымыздағыдай етіп жасай алмады.Сөйтіп оны жұмыстан шығаруға тұра келді.
Ал кинодағы кейіпкерлерді  оның ішінде актрисаларды таңдамас бұрын ең алдымен Нұртас мырзаның бағасын алады екен.Актриса демекші, соңғы уақытта Гүлназ Жоланова да  бұл режиссердің кино туындыларында үнемі бой көрсетіп жүр. Мүмкін режиссер мырза Жолановаға ғашық шығар? Бұл сұрақты режиссердің өзіне  де төтесінен қойдық.

 Нұртас Адамбай режиссер:

Сұрағыңызға көп рахмет. Мен орысша жауап берейін, Гүлназ осымен менің фильімімде екінші рет ойнап жатыр. Кино драма жанырында болғаннан кейін.... блмеймін енді....Бірақ бұл қызыдң жалпы бейнесі ашық жарқын сондықтан көрермен өзіне бірден жақын тартады

 Ал танымал актриса кино картинадағы бұл рөлі үшін қанша гонорар алды екен ?

Гүлназ Жоланова актриса:

Ол туралы айтуға болмайды. Құпия! 

Сондай-ақ Нұртас  Адамбай бұл кино картинасы үшін, қанша касса жинай алатындығына да бас қатырып жүрген шығар?

Нұртас Адамбай режиссер:

Мен өзімде білмеймін Өйткені біз қандай да бір фильмімізді көпшілікке ұсынар алдында ол жағын ойламаймыз

Мәссаған,  сонда режиссердың асып – тасып кеткені ме? Өзі байыс құба құп. Алайда оның түсірілім тобының жағдайы қалай болмақ? Топ демекші, Нұртас мырзаның қарамағындағылар  толық жасақталып, кәсіби шеберлігі қандай деңгейде ?

Нұртас Адамбай режиссер:

Біз жалпы бұл форматтағы киноны да түсірдік.Сондықтан біз өз жұмысымыз арқылы тәжирибе жинаймыз. Мысалы, келесіде де  біз фильм түсіргенде осы лифт филімінен алған тәжирибені пайдаланамыз. Сондықтан командамыз толық жасақталған дей аламыз.

Автор: Арипжан
Поделиться:

Читать другие новости:

219