Ұлықпан Жолдасов: Алматыда өнермен айналысу мүмкін емес

Ұлықпан Жолдасов: Алматыда өнермен айналысу мүмкін емес
Фото: https://voxball.com/poll/lyipan-zholdasovtyi-zhobalaryi-szge-naj-ma-4921

«Алматыда өнер қалмады» деп қынжылды  әнші Ұлықпан Жолдасов. Әншінің бұлай деуіне әлбетте негіз бар. Өмірін өнерге арнаған өнер иесі нағыз таланттар шыққан заманның өкілі. Десе де, ол  өнердің кемесіне жақындағысы келген жас өнерпаздарға, көмек қолын созуға дайын.  

Өзіне тән өзгеше стилі және гитара аспабы арқылы ерекшеленетін әнші Ұлықпан Жолдасов  50 жастан асқаннан кейін, өміріне өзгеріс енгізу керектігін түсінген екен.  Сол мақсатты негізге алған әнші оңтүстіктен орталыққа қоныс теуіп, бүгінгі таңда Арқаның тұрғын атанды .  

Ұлықпан Жолдасов -әнші  

 Май айында осы 2018 жылдың Астанаға ауыстым, қоныс аудардым. Сол жақта тұрып жатырмын. Бірақ әлі тұрып үлгерген жоқпын. 20 күндей тұрдым-ау деймін. Бала-шағам, әйелім бәріміз ауыстық. Өзім де сол жақта тұрып жатырмын.  

 Әрі әнші, әрі сазгер Ұлықпан мырзаны соңғы кездері тек сазгер деп айтуға болады. Өйткені, Ұлықпан Жолдасов ән орындаудан бұрын, ән жазуға көбірек көңіл бөлуде. Тіпті жазған туындылары ТМД елдерін былай қойып, шетел асып жатқанын мақтанышпен жеткізді. 

Ұлықпан Жолдасов -әнші  

өбіне өз әндерімді айтпаймын, әншілерге беремін. Өзім таңдап отырып, осы әншіге келеді-ау деп беремін. Қәп-қазір шығып жатқан әндер жоқ. Бәрі менде сандығымда тұр. Енді Турцияға, орыс ағайындарға да көбірек және де бастап кеткен Штольгольм деген Швеция бар, сол жаққа, Қытайға өз алдына Димаш жақсы танымал қылып жатыр.  

Лұкең жуырда тағыда бір топ құрыпты. Әнші енді көрініп келе жатқан өнерпаздарға ағалық қамқорлық танытып жүргенін айтып өтті.  

Ұлықпан Жолдасов -әнші  

 Астанаға барғанда бір жаңалық, мен қарап жүрмеймін негіз, адам жинап жүремін, студиямның жартысы осы Алматыда қалды, жартысын ала кеттім. Ғалымжан, Құралбек Төлеев деген азамат бар, Марат Станов деген азамат бар. Л-ЛАЙН деген топ жасап, өзіммен бірге алып жүріп, сахнаға шыққанда да бірге  

 Өмірде де, өнерде де түйгені мол Ұлықпан Жолдасов бүгінде киелі өнердің өз тұғырынан тайғанына қатты қапалы. 

Ұлықпан Жолдасов -әнші  

Қазір бәрі коммерциялы заман болып кетті. Творчество деген жоғалды. Шоу бизнеске айналып кетті. Үй салу, машина табу, ақша табу, ана жерден, мына жерден тойды алып алады да, қай жерден қалай ақша тапсам деп. Ал, өнер қалды жайына. Шынымдды айтсаам Алматы да өнер қалмады деп айтуыма болады. Бәрі той, өзінің тамағы. Ішіп-жесем басқасы керек емес.  

 Ал, біз өз тарапымыздан бұл саланың ыстығы мен суығына төзіп жүрген жандарға қажымас қайрат тілейміз.  

 

 

 

 

 

 

Автор: Арипжан
Поделиться:

Читать другие новости:

238