Данэлия Төлешова "Балалар Евровидениесінде" алтыншы орын алды (видео)

Данэлия Төлешова "Балалар Евровидениесінде" алтыншы орын алды (видео)
Фото: https://voxball.com/poll/daneliya-tleshovanyi-finalda-ajtan-aza-tlndeg-n-nadyi-ma-5235

12 жастағы қазақстандық әнші Данэлия Төлешова 25 қарашада Минскіде өткен "Балалар Евровидениесі" байқауында алтыншы орыннан көрінді деп хабарлайды NUR.KZ.

 

Алматылық кішкентай өнерпаз халықаралық байқауда "Өзіңе сен" әнін қазақ және ағылшын тілдерінде орындаған. Қазылар алқасы мен көрермендер даусының қортындысы бойынша Данэлия 171 балға ие болған. Ал онлайн дауыс беруде Данэлия үшінші орынды иеленген.

Айта кетейік, "Балалар Евровидениесі" байқауының билығы жеңімпазы - "Anyone I Want to Be" әнін орындаған польшалық әнші Роксана Венгель (215 балл).

Екінші орынды 203 балмен франциялық өнерпаз Анжелина иленсе, үшінші орын австарлиялық Джаэльге (201 балл) бұйырды.

Еске сала кетейік, "Балалар Евровидениесі" халықаралық байқауына Қазақстан алғаш рет қатысты.

Автор: Арипжан
Поделиться:

Читать другие новости:

107