Белдемше киген жігіттер! Бұл сән бе әлде...

Белдемше киген жігіттер! Бұл сән бе әлде...
Фото: https://voxball.com/poll/otandyi-dizajnerler-erkekterge-beldemshe-kigzuge-nege-mar-4813

"Mercedes-Benz Fashion Week" сән апталығында  Отандық дизайнерлер  ерекше жаңа киім үлгілерімен  көзге түсуді ойлаған сияқты. Өйткені сәнбикелердің  үстіне ілген образдары жиналған көпшілікті  шалқасынан түсірді.  Әсіресе, ер жігіттердің киген белдемшелері мен жұқалығынан денесі тұтас  көрінетін  көйлектерді  атап  өтпеске болмас. Дегенмен мұндай эпатажға Алматылық арулардың еті біршама  үйреніп қалған сияқты.  

Бұл күндері нағыз сәнқойлардың үйде жатпағаны  анық. Мұнда үлде мен бүлдеге оранғандар ағыл тегіл ағылуда. Дегенмен қонақтардың арасынан   Отандық жұлдыздарды іздеп таба алмадық. Бір қызығы сәнге инста кеңістігінде  танылып жүргендердің аңсары ауған.

Диана Ордабекова көрермен

Мені шақырғаннан кейін,   қонақ ретінде құрбымды қолдауға  келдім. 

 Ең бірінші болып Айдана Камалова  сән апталығының шымылдығын түрді. Жас дизайнер елден ерек болу үшін топтамасын  рок концертпен айшықтады. 

 Жұртты үнемі таңқалдырудан тосылмайтын ол, бұл жолы  ер жігіттерге белдемше кигізіп айды аспанаан  бірақ шығарды.

 Айтыңызшы  Айдана басқа дизайнерлерден айырмашылығы неде?

– Меніңше ол батылдығымен ерекшеленеді, менің ластексті көбелек галстугімнің өзіне қараңызшы. Жалпы мен өзім  батыл адаммын. 

Айдана Камалова

Мен бұл образамда акцентті – дене бітімі әдемі қыздардың  өзіне бердім. Біле білсеңіз біздің елімізде  батыл,  өзін барлық жағынан  көрсетуге қымсынбайтын қыздар көп. Сондықтан бұл коллекция солар үшін арналған. Ал сәнбикелердің үстінде киім аз десеңіз, бұл образдар жазға арналып тігілген.

Ал бір қарағанда ыңғайсыз көрінетін бұл образдарды таныстырған   сән бикелердің  аталған даизайнерлер туралы ойы қандай?

Ал ашық – шашық  киімдерді жарнамалап әлек болған әріптесіне қарағанда дизайнер Мария Сәриева өзін барынша байсалды ұстады. Қыс пен  күз топтамасы  қызылды – жасылды реңкімен елді баурап алған. Мәрия  аталған киім үлгілерін 60,70 жылдардағы сәнді негізге ала отырып жасапты.

Мәрия Сариева

Бұл осымен менің  3 –ші көрсетілімім. Мен бұл алаңды жақсы көремін. Мұнда Алматының ең сәнқой жандары жиналады. Сондай- ақ қонақ ретінде Еуропадан көптеген  қонақтар арнайы шақыртылады. Құпия болмаса бағасы қанша киімдеріңіздің? Орташа есеппен алғанда 30 мыңтеңгеден басталып, 100  теңгеге дейін аяқталады.

 Елде жоқ киімдерді көрсететін сән аптылығы биылда 3 күнге созылды. Шараға ТМД мен алыс жақын шет мелекеттен келген сәнгерлер қатысты.  

Автор: Арипжан
Поделиться:

Читать другие новости:

211