Байбек Асанәлі Әшімовке театр аштырды

Байбек Асанәлі Әшімовке театр аштырды
Фото: https://qazaquni.kz/2017/08/21/73752.html

Қазақ руханияты жаңа жастар театрымен толықпақ. Бұл туралы қуанышты хабарды театр саңлағы Асанәлі Әшімов өзі айтып берді. 

Асанәлі Әшімов ҚР Халық әртісі

Мұның бәрі халық үшін. Театр халыққа жасаланатын дүние. Биыл бітірген менің шәкірттерім, солардың инициативасы. Соған талпынып жатырмыз. Әлі ашылған жоқ. Приказы болған жоқ. Болады. Құдайға шүкір деп ойлаймын.    

Өнер академиясының бітіруші түлектерінен құралған бұл театр алдағы  жарияланған жастар жылына үлкен сый болмақ. Мұхтар Әуезов атындағы қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының директоры Асхат Маемировтың айтуынша, бұл театрдың құрылуына Алматы әкімдігі ұйытқы болып отыр.  

 Асхат Маемиров ҚР Еңбек сіңірген қайраткері

Біздің қарашаңырақтың сахнасында осындай театрлар дүниеге келіп, тұсауы кесілуде. Бүгін сол қарашаңырақта бата беріп, үлкен жолдама ұстатып, тұсауын кесіп жатырмыз. Алдағы жастар жылы деп жарияланып жатыр. Алматы қаласы өз қарамағына алып, жастар театры деп ашайын деп жатыр.

Ал, Асанәлі ағаның үйіндегі ханшайым Бағдат Әшімова жаңа  ашылайын деп жатқан жас театрдың жұмысына аз-кем  араласып,  атсалысқанымен бөлісті.

СНХ: Бағдат Әшімова

 Енді Асекең өзі айтады, менің үйдегі критигім деп. Осы академияға сабақ бергенде. Балаларды қабылдағанда қатысып отырамын. Өзім қызығамын. Сосын әр жыл сайынғы экзамендеріне қатысып отырамын. Бірақ ол жерде ештеңе айтпаймын. Үйге келген кезде сырт көз ретінде Асекеңе айтып отырамын.

Әкемтеатрда жас театрдың тұсауы «Қарагөз» қойылымымен кесілді. Мән-мазмұны терең драматургиялық шығарманы алып шығу жастарға оңайға соқпасы анық. Алайда, жастар барынша тырысып бағыпты. Олардың көңіл-күйі тіпті шарықтап тұрды.

Мақпал Қасен жас актриса

Қарагөздің образын, Фарида Шәріпова апамыздан бастап, Мұхтар Әуезовтың өзі Фарида ойнағанын ұнатқан екен. Ол кісіні көзбен көрген емеспін. Одан кейін бірнеше майталмандар ойнады. Олардан кейін маған оңай болған жоқ

Қуаныш Құдайберген жас актер

Көңіл-күйіміз өте керемет, күшті. Соншща дайындалдық, сонша күттік. Осы күнге қаншама дайындалдық. Тер төгілді. Қаншама ұрыс-керістер болды. Соған қарамастан ойнап шықтық. 

Өнерді табыс көзіне айналдырған мына заманда халықты рухани байытатын құнды дүниелер көбейгеніне қуанбасақ, ренжімесіміз анық.  Жастар қолға алған үлкен қадамға  тынымсыз еңбек, темірдей төзімділік, кіршіксіз адалдық тілейміз. 

Автор: Арипжан
Поделиться:

Читать другие новости:

144