81 жасқа келген Асанәлі Әшімов әйелімен бірге Сингапурда демалып жүр

81 жасқа келген Асанәлі Әшімов әйелімен бірге Сингапурда демалып жүр
Фото: https://voxball.com/poll/asanl-shmovt-romantik-asaaldardyi-ataryina-osua-bola-ma-5212

Биылғы жылы 81 жасқа келген Асанәлі Әшімов әйелімен бірге Сингапурде демалып жүр. Әйгілі актердің отбасылық демалысы жайлы Бағдат Әшімова Instagram парақшасында мәлім етті деп жазады NUR.KZ.

"Сингапур қаласындамыз. Асекеңнің көңіл-күйінің жақсы болғаны мені қанаттандырады. "Әйел бақыты - ер азаматының тұсында" деп ата - бабаларымыз тауып айтқан ғой. Алла әрбір таңымызды көруге жазсын", - деп жазды актердің жұбайы.

Сондай-ақ,халық әртіснің отбасылық демлыста жүргенін актер Азамат Сатыбалды да Instagram парақшасында жазды.

"Асанәлі аға отбасымен Сингапурде жүр. Жақсылап демалып және ем алып елге оралыңыздар. Бар жақсылықты тіледім.

Асаналі аға менің өнердегі әкем ғой. Бағдат женге, Асаналі ағаны осылай еркелетіп, бабын келтіріп, бағлан басын биікте ұстап жүргеніңіз үшін сізге Алла разы болсын", - деп жазды Азамат Сатыбалды.

Автор: Арипжан
Поделиться:

Читать другие новости:

179