Ерке Есмаxан маxаббатын тапты

Ерке Есмаxан маxаббатын тапты
Фото: https://voxball.com/poll/erke-esmahannyi-sahnadayi-obrazyi-naj-ma-4823

"Ғашықпын мен" деп әндеткен Ерке Есмаxан маxаббатын жолықтырды. Өмірде емес, кино да. Бұл романтикалық комедия жанрында түсірілген кинотуындыда әнші қыздарыңыз басты рөлді сомдап шықты.   

 Ерке Есмахан кино әлемінде бағын сынап көрді. Осыдан бір жыл бұрын әнші жаңа дүниені қолған алған еді. Енді міне көптен күткен туынды көпшілікке ұсынылды.

 Ерке Есмахан- әнші

"Кино әлемі өте үлкен әлем. Бұл жерде шыныменде ән айтуды табиғатымнан берген ғой Алла. Неге мен актерлық шеберлікті соның жолына түсіп, неге оқымадым деген ой болды. Өйткені сондай бір қызық. Түсінбей қалған жерлерін түсінгің келеді....... Оқумен, біліммен келеді. Өзіңіз білесіз."

Фильмнің продюсері атанған Ерке Есмахан тырнақ алды туындысын режиссер Асқар Ұзабаевқа сеніп тапсырған. Ал басты рөлді сомдауға актер Шәріп Серік бірден таңдалған екен. Фильмге сай келетін локацияны ұзақ іздеген режиссер тас жолда орналасқан кафеге бірден көзі түсіпті. 18 күнге созылған түсірілім жұмыстары Жамбыл облысы, Шу өңірінде өткен. Ал,  қанша қаражат кеткенін ешкім ашып айтпады.

Асқар Ұзабаев - режиссер

"Киноға түсуге жас актрисалар бізге күн сайын келді. Біз басты рөлдегі кейіпкерді ұзақ іздедік. Санаулы уақыт қалғанда Ерке маған келіп «Менің қабілетімді байқап көрші. Бәлкім менің қолымнан келер? Тек продюсер ғана емес актриса атансам қалай болар екен?» - деді. Оған мәтінді бердік. Сомен актерлық қабілетін көріп бір күннің ішінде ойламаған жерден басты кейіпкерді таптық."

«Махаббат кафесі» фильмнің оқиға желісі бойынша байқаусызда бастығын асымен ұландырып алған басты кейіпкер Жеңіс жазасынан құтылу үшін жасырынып ауылда орналасқан дәмханаға келеді. Көмекші ретінде жұмысқа орналасады. Ал бұл дәмхана Мақпал есімді даяшы қыздың әкесіне тиесілі. Басты кейіпкер ауыл тұрғындарының аңғалдығын пайдаланып, сенімінен шығып, өтірік айтуа мәжбүр болады.  Мақпал мен Жеңістің махаббат хикаясы дәл осы «Махаббат кафесінде» өрбиді. Айта кетейік, шынайы махаббатын жолықтарған даяшы қыздың рөлін Ерке Есмахан сомдап шықты.

Әбунасыр Серіков - актер

Мен енді Ерке Есмаханның әкесінің рөлін ойнадым. Өнердегі әкесін, өмірдегі емес........... Қиын қыстаудағы, әкесінің ролін ойнадым, соның бағасын беретін халық. Сіздер. Мен ойлаймын көңілдеріңізден шығады деп. 

Көрермендерді күлгіге бөлеген романтикалық фильмді еліміздің барлық кинотеатрларынан тамашалай аласыздар.  

Автор: Арипжан
Поделиться:

Читать другие новости:

257