Қарай майор қайда жүр?

Қарай майор қайда жүр?
Фото: https://voxball.com/poll/auan-soyisyinyi-sarbazyi-araj-major-turalyi-blesz-be-4743

Қаз қатар тізіліп,  көк  туды желбіретіп әнге басқан  балалардың көңіл күйі тамаша.  Өйткені оқушылар алғаш рет халық хаһарманы Борис Керімбаевты өз көздерімен көрмек. Яғни оларға осыдан 30  жыл бұрын Қара майор деген  лақап атқа ие болған аңыз адамның өзі келе жатыр.  Ауған жерінде Мұсылман батолоньінің командирі болған батырға номері 119 мектеп лицейінде құрмет көрсетілді. 

 Дулат Дарханұлы-оқушы

Негізі бұл кісінің орны бөлек біз үшін. Әншілерден қарағанда қазақ батырларының ісі бізге тәлім болуы тиіс. Ол кісі жөнінде көптеген газет, журнал беттерінен оқып біліп жүрмін. Бірақ көргеніме қуаныштымын.

Сондай-ақ, соғыс жылдарындағы сарбаздардың ерлігі жайлы фильмнен үзінді көрсетілді. Оқушылар ауған жауынгерлеріне арналған өлеңдер оқып, жастарға патриотизмнің озық үлгісін көрсетіп жүрген жандарға алғысын жаудырған. Ал, шараның басты кейіпкері болса,  келешек ұрпаққа бейбіт заман тілеген. 

 Борис Керімбаев- Халық хаһарманы

Бұдан былай соғыс болмасын. Бірақ кейінгі ұрпақ біздерді білуі керек.

Ардагерлерде оқушылармен кездесуге құр қол келмепті. Оларда отты жылдарды шырқалған әндерін орындап берді.

Бір қызығы  Қара майор қатысқан шараны көруге өзге мектептің педагоктарыда арнайы келген.

Екатерина Николаева- ұлағатты ұстаз

Мен басқа мектепте қызмет етемін. Борис Керімбаевті жас кезімде естігенмін, көрмеппін .  Көзіме жас келіп тұр. Бүгінгінің батырлары көріп.  Меніңде күйеуім ауған соғысының ардагері .Қандай кездерді бастан кешкен. Өйткені бұндай кісілерді қастерлеуіміз керек.

Келер жылы Кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылғанына 30  жыл толады.  Ал ерлікті ұлықтау, насихаттап, құрмет көрсету әр ұрпақтың парызы.

Автор: Арипжан Али 

 

 

Автор: Арипжан
Поделиться:

Читать другие новости:

392