Итімен жыныстық қатынасқа түскен ерлі-зайыпты дүйім жұртқа масқара болды

Итімен жыныстық қатынасқа түскен ерлі-зайыпты дүйім жұртқа масқара болды
Фото: https://sputniknews.kz/world/20181021/7712685/erli-zayiptilar-jinistik-katinaska-tysken-itti-oltiryge-tyra-keldi.html

Әйелі мен күйеуі бұл азғындық әрекеттерін видеоға түсіріп отырған

АСТАНА, 21 қазан — Sputnik. Жұбайлар үйде ұстайтын иттерімен жыныстық қатынасқа түскен. Осы жағдай итке жағымсыз әсер қалдырғандықтан, оны өлтіруге тура келді, деп хабарлайды КТК арнасы.

51 жастағы Фридрих Манзанарес пен 49 жастағы Джанетта Солано итке жасаған зорлық-зомбылықтарын толықтай мойындады. Олар осы күнге дейін бірнеше мәрте Бубба атты итімен ауласында жыныстық қатынасқа түскен. Сондай-ақ, олар бұл азғындық әрекеттерін видеоға түсіріп отырған.

Полиция қызметкерлері ерлі-зайыптының үйінен осы видеоларды тауып алды. Кейін итпен жыныстық қатынасқа түсуді 51 жастағы Фридрих Манзанарес бастағаны анықталды. Ол итті қоздыру үшін арнайы гормонды спрей пайдаланған. Кейін ол өзінің жұбайы Джанетта Солано да осылай жасауға көндірген.

Соттың шешімімен ер адам алты айға түрмеге қамалды, ал әйел адам үйқамаққа алынды. Итті жазда жануарлар үйіне алып кеткен. Алайда, ондағы қызметкерлер Буббаның шектен тыс агрессивті екенін айтқан. Сараптама нәтижесінде иттің бұрынғы қалпына келмейтіні белгілі болды. Ақырында мамандар итті жасанды жолмен өлтірді.

https://sputniknews.kz/world/20181021/7712685/erli-zayiptilar-jinistik-katinaska-tysken-itti-oltiryge-tyra-keldi.html

Автор: Арипжан
Поделиться:

Читать другие новости:

157