Алматыда тегін тамақтандыратын асхана ашылды

Алматыда тегін тамақтандыратын асхана ашылды
Фото: https://voxball.com/poll/almatyidayi-tegn-ashananyi-krdz-be-5060

Асхана аптаның бес күнінде 120 адамды үш мезгіл тегін тамақтандырады

АСТАНА, 5 қараша – Sputnik. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, бас мүфти Серікбай қажы Ораздың қайырымдылыққа үндеуге қатысты бастамасына орай, Алматыда үш мезгіл тегін тамақтандыратын  "Уақып" асханасы ашылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан ҚМДБ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Уақып" асханасы әр аптаның бес күні жұмыс істейді. Мұнда әлеуметтік аз қамтылған 100-120 адамға үш мезгіл тегін тамақ беріледі. Келген қонақтарға арнаулы бекітілген 7-8 адам әрдайым сапалы қызмет көрсетуге әзір. 

Сондай-ақ, бір кірген адам сол күні екінші рет қайта кіріп, тамақтана алады. Азаматтар асханаға Алматының орталық мешіті жанындағы "Ихлас" қайырымдылық қауымдастығынан алынған арнайы талондары арқылы ғана кіре алады.  

"Негізінен, бұл игі бастаманың мақсаты – мешітке келген әрбір жағдайы төмен, жалғызбасты аналар мен жетім-жесірлердің, мүгедектер мен мүсәпірлердің аз да болсын мұңын сейілтіп, мұқтаждығын өтеп, жарқын өмірге үміт сыйлау", — делінген хабарламада. 

Асхана Сейфуллин даңғылы, №330, Радищев көшесінің қиылысында орналасқан.     

 https://sputniknews.kz/regions/20181105/7915114/almaty-tegin-ashana.html

Автор: Арипжан
Поделиться:

Читать другие новости:

146