Алматыда ер адам екі қабатты зәулім үйін ұрланған заттарды сақтайтын қоймаға айналдырған (видео)

Алматыда ер адам екі қабатты зәулім үйін ұрланған заттарды сақтайтын қоймаға айналдырған (видео)
Фото: https://voxball.com/poll/almatyida-rlanan-zattardyi-satajtyin-ojma-turalyi-estdz-be-5022

Алматыда 33 жастағы ер адам екі қабатты зәулім үйін ұрланған заттарды сақтайын қоймаға айналдырған. Үйді тексерген полицейлер бұған дейін қаладағы пәтерлерден ұрланған заттарды тапты. Ал үйді қоймаға айналдырған Түркістан облысының тумасы бұрын сотталған екен, деп хабарлайды қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап Stan.kz.

Екі қабатты зәулім үйден 184 ұялы телефон, 164 компьютер, 7 теледидар, 29 фото және видеокамера табылды. Сонымен қатар полицейлер 8 құндыз тонын және басқа да заттарды тәркіледі.«Біздің шұғыл мәліметтер бойынша, азамат үшінші тұлғалар арқылы ұрланған заттарды материалдық табыспен қолға түсіріп отырған. Бұл азаматтың жүйелі әрі тұрақты қылмыстық кәсібін аңғартады. Мысалы, ұрылардан нетбукты 7 мың теңгеге сатып алып, артынша 14-15 мың теңгеге сатқан», – дейді Алматы қалалық полиция департаментінің қылмыстық полиция басқармасының басшысы Есен Ысқақов.

Сонымен қатар пәтерлерді тонап, ұрланған заттарды коттедж иесіне жеткізіп отырған ұрылар анықталды.

Күдіктілер оқу орталығында ұрлық үстінде тұтқындалды. Олар ол жерден 400 мың теңгенің мүлкін тонамақ болған.

«26-31 жас аралығындағы жастар. Алматы және Түркістан облыстарынан келген. Бұған дейін ұрлық және алаяқтық үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылған. Олар және ұрланған заттарды сатып алып жүрген азамат уақытша ұстау изоляторына тоғытылды. Қазіргі уақытта олардың Алматы аумағында жасалған осыған ұқсас 6 қылмысқа қатысы бар-жоғы анықталды», – дейді қылмыстық полиция басқармасының басшысы.

Қазіргі уақытта полицейлер тәркіленген заттарды жедел мәліметтермен салыстыру процедурасын бастап кетті.

Автор: Арипжан
Поделиться:

Читать другие новости:

95