Сот Qazaq Banki-нің ликвидациясы туралы шешім шығарды

Сот Qazaq Banki-нің ликвидациясы туралы шешім шығарды
Фото: https://voxball.com/poll/qazaq-banki-n-myiryi-andaj-bolma-4850

Алматыдағы сот Ұлттық банктің  Qazaq Banki-н мәжбүрлеп тарату туралы арызын қабыл алды деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Сот шешімі бойынша Qazaq Banki енді мәжбүрлі түрде таратылады. Ол үшін Ұлттық банкке тиісті комиссия құру тапсырылды.

Әлі аталмыш үкім заңды күшіне енген жоқ. Бір ай ішінде оған қайта шағымдануға болады.

Еске салсақ, осыған дейін қаржылық мекеме қандай да бір операцияларды жүзеге асыру лицензиясынан айырылған болатын. Мұндай шешім банктің үнемі ережелерді бұзуынан кейін қабылданған.

Автор: Арипжан
Поделиться:

Читать другие новости:

107