Грузия үкіметі азаматтардың банктегі қарызын түгел жояды

Грузия үкіметі азаматтардың банктегі қарызын түгел жояды
Фото: https://voxball.com/poll/azamattardyi-bankteg-aryizyin-tgel-zhojan-gruziya-kmetn-tzhribies-azastana-azhet-pe-5171

Грузияның алты жүз мың азаматының банктегі қарызын жабу туралы шешім қабылданды

АСТАНА, 19 қараша — Sputnik. Грузия үкіметі жыл соңына дейін елдің 600 жүз мыңнан астам азаматының банктегі жалпы сомасы 565 миллион доллардан астам қарызын жою туралы шешім қабылдады.

Грузияның премьер-министрі Мамука Бахтадзе хабарлағандай, банктегі қарызы жойылатын 600 мыңнан астам адам қатарына әлеуметтік жағынан қорғалмаған азаматтар кіреді, деп хабарлайды РИА Новости.

Тағы ондаған мың азаматтар мүгедек жандар екен. Банк алдындағы борышын өтеуге мүмкіндіктері жол бұл адамдар баяғыда "қара тізімге" енген, олардың күнделікті өміріне кедергі келтіретін көптеген шектеулерге ұшырапты.

"Жалпы есептегенде бұл сома  — 1,5 миллиард лари (565,3 миллион доллар)", — деді Бахтадзе брифингте.

Грузия үкіметі бұл шешімді мақұлдап қойған. Қарызды жою жұмысы желтоқсан айының ортасынан басталып, соңына дейін аяқталады. Сонда борышын өтей алмай, мойнына ауыр жүк артқан қаншама отбасы жаңа 2019 жылды қарызсыз қарсы алатын болады.

 https://sputniknews.kz/economy/20181119/8141729/gruzia-azamattar-banktegi-qaryz-zhoiu.html

Автор: Арипжан
Поделиться:

Читать другие новости:

122