Қазақстандықтардың табысын өсіретін жоспар

Қазақстандықтардың табысын өсіретін жоспар
Фото: http://ernur.kz/kazakstan/ukimet-kazakstandyktardyn-tabysyn-osiretin-zhalpyulttyk-zhospar-kabyldady

Жалпыұлттық жоспарда алдағы кезеңге арналған мемлекеттің дамуының 6 түйінді міндеті бойынша 103 шара көзделген. Бүгін үкімет мемлекет басшысының Қазақстан халқына жолдауын іске асыру мақсатында жалпыұлттық іс-шаралар жоспарын қабылдады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов жалпыұлттық іс-шаралар жоспарын таныстырды. Жоспарда мемлекеттің дамуының 6 міндеті бойынша 103 шара көзделген.

"Халық табысының өсуі атты бірінші міндет аясында 24 іс-шара көзделіп отыр. Ол жалақының өсуі және жаңа жұмыс орындарының ашылуы есебінен қазақстандықтардың табысын арттыруға бағытталады. Атап айтқанда, 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі жалақы мөлшері кезең-кезеңімен көтеріледі. Бюджет саласы жұмыскерлерінің жекелеген санаттарының жалақысы ұлғайтылады. Табиғи монополиялар тұрғын үй коммуналдық шаруашылық саласындағы заңнама жетілдіріледі. "Бизнестің жол картасы – 2020" мемлекеттік бағдарламасы жыл сайын кемінде 30 млрд теңгемен қоса қаржыландыра отырып, 2025 жылға дейін ұзартылады", — деді Сүлейменов үкімет отырысында. 

Министр үш ауысымды мектептер мен орын тапшылығы мәселесін шешу үшін келесі жылы қосымша 50 миллиард теңге бөлініп, мектеп құрылысы басталатынын айтты.

Read more: https://sputniknews.kz/economy/20181009/7522568/ukimet-zhalpyulttyq-is-shara-qazaqstandyqtardyn-tabysyn-osiru.html

Автор: Арипжан
Поделиться:

Читать другие новости:

245