Қазақстан байлығы жөнінен Германиядан асып түсті

Қазақстан байлығы жөнінен Германиядан асып түсті
Фото: https://liter.kz/ru/articles/show/45354-astana_za_20_let

Халықаралық валюта қоры мемлекеттің мүліктік жағдайын бағалаудың жаңа жүйесі арқылы 31 елдің қаржы деңгейін анықтады деп хабарлайды ИноТВ сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Валюта қорының мамандары жаңа әдістің көмегімен әлем экономикасы өнімділігінің 61 пайызын құрап отырған 31 мемлекеттің жағдайына сараптама жүргізді.

Нәтижесінде, мемлекеттік қаржының жоғары деңгейін Норвегия, Ресей және Қазақстан көрсетті. Бұл елдер мемлекеттік қарыздың аздығынан және мұнай мен газдың көп болуынан алғашқы орындарды иеленген.

Ал Германия бұл тізімде, тіпті, Уганда мен Кениядан артта қалып қалған екен.

Бұл тізімде Сальвадор, Австрия, Франция, Гамбия және Ұлыбритания мемлекеттері Германиядан да төменгі сатыға орналасыпты. Аталған мемлекеттерді Португалия 135 пайыз қарызбен аяқтап тұр.

Алғашқы орыннан көрінген Норвегияның мүліктік жағдайы экономикалық өнімділіктен төрт есе көп болса, Ресейде де-төрт, ал Қазақстанда үш есе көп болған.

Сондай-ақ, экономикалық өнімділіктен асатын мүліктік жағдайды Австралия, Перу, ОАР және Оңтүстік Корея көрсеткен.

Автор: Арипжан
Поделиться:

Читать другие новости:

259